Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстандық мұнай өтетін «Дружбада» ақау шықты

Қазақстандық мұнай өтетін «Дружбада» ақау шықты

0

Пневы қаласының маңында жанармай ағып кетті, деп хабарлады Велкопольск воеводствосының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің баспасөз хатшысы Мартин Халаш, деп жазады ТАСС.

Жанармайдың ағуы «Дружба» құбырының Польшаның батысындағы Пневы қаласының маңындағы учаскесінде болды. Оқиға кезінде өрт немесе жарылыс қаупі тіркелген жоқ.

Оның айтуынша, оқиға жексенбі күні таңертең болған. Себебі әлі анықталған жоқ. Жанармай құю бекеттерінің бірі мен қонақүй маңында қатты газ иісі шыққан.

— Тергеу барысында мұнайға ұқсас заттың төгілгені анықталды. Бұл аумақ арқылы «Дружба» құбыры өтуі мүмкін. PERN («Дружба» құбырына қызмет көрсететін поляк компаниясы — ТАСС ескертпесі) компаниясымен байланыс орнатылды, компания сорғылық қосалқы станциялардың бірін алдын ала тоқтатты, — деді Халаш.

ҚР Энергетика министрлігі жағдайға байланысты жақын арада түсінік беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, қазақстандық мұнай экспорты дәстүрлі түрде Ресей аумағы арқылы Каспий құбыр консорциумының Новороссийскіге дейінгі құбыр жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Ресей мен Польша арқылы Германияға «Дружба» құбыры арқылы жеткізу 2023 жылдың ақпан айының соңында басталды. Қазақстан мұнайы қуаттылығы 2 млн баррель құбырдың солтүстік тармағы арқылы өтеді.

Бұған дейін елдің Энергетика министрлігі Қазақстан 2024 жылды Германияға «Дружба» құбыры арқылы 1,4 миллион тонна мұнай жеткізу болжамымен аяқтайтынын хабарлаған.

Еуропаға мұнай жеткізу тізбегі қалай ұсынылатыны «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісінің материалында.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version