Бүгін, 27 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
65 жыл бұрын (1959) Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан футбол федерациясы әйелдер футбол комитетінің төрағасы Бауыржан Тойшыбекұлы АБДУБАЙЫТОВ дүниеге келді.
1982 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолы: 1982-1983 жылдары Алматы қаласы энергетикалық құрылыс техникумы комсомол комитетінің хатшысы, 1983-1984 жылдары Қазақстан комсомолы Алатау республикасы басқармасының бастығы, 1985-1987 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің студент жастар бөлімінің меңгерушісі, 1987-1989 жылдары ҚР КОКП Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы бойынша үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, 1990-1996 жылдары Жетісайдағы «Салтанат» кооперативінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Жетісай «БИІК» АҚ президенті қызметін атқарды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
57 жыл бұрын (1967) Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Нұрлан Сейсетайұлы АЛМАСБЕКОВ дүниеге келді.
Ю.В. Андропов атындағы Ленинград әуе қорғанысы жоғары әскери-саяси училищесін бітірген (1989); ҚР Ішкі істер министрлігі академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2004).
Еңбек жолы: Алматы қаласы ІІБ Мемлекеттік жол инспекциясы жол-патрульдік қызметі жеке мамандандырылған батальонының жол-патрульдік қызметінің аға инспекторы (1993-1996); Алматы ҚІІБ ДМ жеке мамандандырылған батальоны жол полициясының аға инспекторы (1996-1997); Алматы қаласы ІІБ Әкімшілік полиция қызметі ұйымдастыру-талдау жұмыс тобының инспекторы (1997-1998); Алматы қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторларын басқару бөлімінің аға инспекторы (1998-2001); Алматы қаласы ІІБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы (2001-2004); Алматы қаласы ІІБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары (2004); Алматы қаласы ІІБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы (2004-2005); Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы (2005-2007); Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (2007-2008); Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы (2008-2010); Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының ішкі істер бөлімінің бастығы (2010-2013); Алматы қаласы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2013); Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы (2013-2017); Алматы облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2017-2018); Алматы облысының полиция департаменті бастығының орынбасары (2018-2019); Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (2019); Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары (2019-2024).
57 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры Қалиолла Қабайұлы СЕЙТЕНОВ дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Жоғары тергеу мектебін (РФ ІІМ Волгоград заң институты) бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 150-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми мақалалардың авторы.
Еңбек жолы: Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің криминалистикалық бөлімінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінде жұмыс істеген; Қазақ мемлекеттік заң университетінің деканы, проректоры, ғылыми жобалар және сот сараптамасы мәселелері жөніндегі біліктілігін арттыру жетекшісі (2001-2019); Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының профессоры (2019-2021).
2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметңнде.
54 жыл бұрын (1970) Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқару комитеті директорының орынбасары генерал-майор Қанат Орынтайұлы ОРАЗҚҰЛОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 1993 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құқықтану факультетін бітірген.
Еңбек жолы: 1993-1994 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген механикаландырылған орман шаруашылығы кәсіпорны Есік орман шаруашылығының маманы, 1994-1997 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік департаментінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінде, 1997-2009 жылдары ҚР Президентінің Күзет қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің сапарлары мен жеке қорғалуын қамтамасыз ету, кадр бөлімдерінде әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдардағы қызмет, 2009-2014 жылдары ҚР Президентінің Күзет қызметі басшысының орынбасары, 2014-2017 ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің орынбасары, 2018 жылы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, 2019-2022 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының аппарат басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
52 жыл бұрын (1972) Алматы қаласы мәслихатының депутаты,«Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Орманғалиқызы КӨБЕЕВА дүниеге келді.
Алматы технология және бизнес институтын бухгалтер мамандығы бойынша, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1995-1998 жылдары «Алимп» ЖШС есепшісі, 1998-2000 жылдары Ақмола облыстық статистика басқармасында бас қаржыгері, 2000-2005 жылдары «Забота» дағдарыс орталығында бас есепші, 2005 жылдан бастап «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қорының құрылтайшысы, директоры. 2020 жылы «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ЖТД жөніндегі комиссияның төрағасы
50 жыл бұрын (1974) ҚР Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Бәкірұлы АТАМҚҰЛОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған.
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық біліктілігін арттыру курстары бітірген.
Еңбек жолы: 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің бірінші хатшысы, 2006-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметі басқармасының бастығы, 2010-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің бастығы, 2014-2015 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық істер басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2021 жылдары ҚР Президенті Хаттамасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап қазіргі қызметінде.
Ол I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
74 жыл бұрын (1950-2023) белгілі заңгер, ғалым, құқық қорғаушы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі Жұмабек Дүйсешұлы БҰРСҰРМАНОВ дүниеге келді.
Ол Қазақстанда омбудсмен институтын құру идеясын алғашқы әзірлеушілердің бірі.
Павлодар облысында туған. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: 1971-1976 жылдары пионер жетекшісі, орта мектеп мұғалімі, Заң факультеті комсомол комитеті хатшысының орынбасары, 1976-1978 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, проректоры, 1978-1983 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында ғылыми стажер, аспирант, 1993-1994 жылдары ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының саяси талдау бөлімінің консультанты, 1994-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының хатшысы, меңгерушісі, 1998- Қазақстан 2002 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, 2002-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік заң академиясы Алматы заң академиясының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, 2008-2010 жылдары Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, 2010-2012 жылдары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің директоры болған.