Қытайдың Үрімжі экономикалық-технологиялық даму аймағы Шиху көшесіндегі ипподромда Шыңжаң жылқы қауымдастығының екі күндік «Тунчуан кубогы» атындағы Іле жылқысының көкпар сынағы сериясы бойынша «Тяньшань шабандоздары» кубогының көкпар жарысы өтті, деп хабарлайды Қытайдың «Халық газеті».
Аталған БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Шыңжаңда өсіріліп, дамытылған Іле жылқысы Қытайда ұлттық брендке айналған жылқы тұқымы саналады.
Сол танымал Іле жылқысының көкпарға бейімділік сынағы бойынша жарыс өткен.
«Көкпар жарысы — қазақ, ұйғыр, қырғыз, тәжік, моңғол және басқа да этностар жақсы көретін дәстүрлі спорт түрі. Іле жылқысы Шыңжаңда өсіріліп, дамытылған негізгі жылқы тұқымдарының бірі болғандықтан, Қытайда бренд жылқы тұқымына айналды», — деп жазады People.cn.