Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды

Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды

0

Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені балалар мен жасөспірімдер. Бұл туралы Kazinform тілшісі хабарлайды.

Облыстық СЭС департаменті 1700-ден астам ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы қаңғыбас иттер. Сондай-ақ, облыстың 710 тұрғыны мысықтан, 8-і жылқыдан, 11-і ірі қарадан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шекті.

Зардап шеккендердің 1096-сы жедел жәрдемге қауіпті жағдайда (бас, бет, мойын, саусақтар мен қолдар) жүгінген.

Ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды. Зардап шеккендерге құтырмаға қарсы екпемен шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Қостанай облысында құтырма ауруы соңғы рет 2015 жылы тіркелген. Бұған дейін Қостанайда қаңғыбас иттерді аулау және зарарсыздандыру бағдарламасы қайта қолға алынғаны айтылған.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version