Норвегия тақ мұрагері Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хейби ес-түзсіз болған адамға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды.
Норвегия телеарнасының хабарлауынша, 27 жастағы Мариус Борг Хейби дүйсенбі күні ұсталған. Оған қарсылық көрсетуге қауқарсыз немесе ес-түзсіз болған адамға зорлық көрсетті деген айып тағылуда. Полиция бұл оқиға бойынша әлі нақты шешім қабылдаған жоқ.
Бұған дейін де Норвегияның тақ мұрагері Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хойбиді полиция ұстаған болатын. Ол бұрынғы сүйіктісіне зорлық-зомбылық көрсетті, сонымен қатар мүлкіне зиян келтірді деген күдікке ілінген.
Кейін Мариус Ослоның Фрогнер ауданындағы 26 жастағы әйелдің пәтерінде болған оқиғаға түсінік беріп, оның алкоголь мен кокаин әсерінен жасалғанын айтты.