Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз», — деді әнші.
Сонымен қатар ол журналистер және өзге адамдардың бұл мәселеге қатысты артық сұрақ қоймауын сұрады.