ІІМ іздеуде жүрген алаяқтың грек аралында ұсталғанын мәлімдеді.
«Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған», — деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін жоғары оқу орнына түсіруге уәде еткен ақтөбелік алаяқтығы үшін сотталған болатын.