• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада Ингушетия Республикасынан келген делегация концерт тамашалады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Ингушетия Республикасынан келген делегация концерт тамашалады

By
Meirim Qogam
-
03.11.2024
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астанада Ингушетия Республикасының мемлекеттік мәртебесінің 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.

    ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінде өткен іс-шараға Ингушетия Республикасынан келген арнайы делегация, «Вайнах» шешен-ингуш этнобірлестігінің құрметті төрағасы Салман Героев, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары  Ләззат Құсайынова және ҚХА-ның шешен-ингуш этно-бірлестігінің өкілдері қатысты.

    «Ингушетия Республикасы мемлекеттілігі 100 жылдығына орай үкімет деңгейіндегі арнайы делегация Астанаға келді.  Олар бірінші күні елорданың көрікті жерлерін аралады. Кейін Қазақ Елі монументінде болды. Екінші күні Астанадағы  шешен-ингуш этнобірлестігінің  «Вайнах»  халық ансамблінің өнерін тамашалады», — деді Ләззат Құсайынова.

    Ансамбль әртістері көрермендерге мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

    Кеш барысында генерал-лейтенант, «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев делегация мүшелеріне «Айбын» медалін табыстады.

    «Қайырлы кеш, құрметті жерлестер, қазақстандықтар. Мен мұнда бірінші рет келіп тұрмын. Бүгін екінші күн Астанада болсақ та, өзімізді 1 ай әрі өз үйімізде жүргендей сезінудеміз. Әр ингуш қазақ халқына алғыс білдіреді. Себебі бүгінгі таңда біздің ұлт қазақ елінің арқасында тамырын тереңге жайды. Егер осыдан 80 жыл бұрын құшағын жайып қарсы алмаса, онда бүгінде біздің ұлт болмаушы еді», — деді Ингушетия Республикасы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Магомед  Евлоев.

     


    Мұнда жиналғандар құлақтан кіріп, бойды алар әсем әндерді тыңдап, бишілердің өнеріне тәнті болды.

    «Ұлттың тарих сахнасынан жойылып кетуіне жергілікті қазақтар мүмкіндік бермеді. Бізді кеудесінен итермегені , достық қолын созғаны үшін «рақмет» айтудан жалықпаймыз. Біз қазақ халқының ұлдары мен қыздарының мейірімділігі мен жомарттығын ешқашан ұмытпаймыз. Біз Қазақстанда өзгелермен тең дәрежеде өмір сүрудеміз. Осыларды арнайы келген делегация мүшелеріне айтып жатырмыз», — деді Салман Героев.

    Қазақстанға Ингушетия Республикасынан  арнайы келген делегация Астанадағы Республикалық Бас мешітте болды. Кейін олар елордалық Достық үйіне барды.

    «Мұнда олар этно-мәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен танысты. Дөңгелек үстел басында қос елдің достығы жайлы әңгімелестік. Кейін Қазақстанға Ингушетия Республикасынан  арнайы келген делегация мүшлелеріне  естелік сыйлықтар табыс етілді», — деді Ләззат Құсайынова.

    Аталмыш іс-шара мәдени алмасудың ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мен Ингушетия арасындағы берік достықтың символына айналды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас ортақ құндылықтарға, достық пен бауырластыққа негізделген.

    Post Views: 265
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleСингапурдегі әлем кубогында қазақстандық жүзушілер екі бірдей рекорд орнатты
      Next articleМемлекет басшысы Сербия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version