Site icon Мейірімді қоғам

Головкин World Boxing ұйымы өткізіп отырған тұңғыш әлем чемпионатының ашылуына қатысты

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан алғаш рет өтіп жатқан U19 әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. 

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, іс-шарада сөз алған Геннадий Головкин әлем біріншілігінің маңызына тоқталып, аталған дода спорттағы жаңа дарындардың жұлдызын жағуға көмектесетін алаң ғана емес, сонымен бірге түрлі елден келген жас боксшылардың бірлігі мен достығының белгісіне айналатынына сенімді екенін жеткізді.

Айта кетелік, әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта), Асылхан Көшербай (65 келіге дейінгі салмақта), Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі салмақта), Даниял Райымбеков (85 келіге дейінгі салмақта) қорғайды. Алғашқы болып рингке Диас Серікұлы шықты. Ол Алжир командасының өкілі Ислам Дахлалды жеңді.

Еске салсақ, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған Халықаралық бокс федерациясы. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан аталған ұйымға кіру үшін өтініш берді.

Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметіне тағайындалған.

Exit mobile version