«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін түнде және таңертең Астанада тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
2024 жылдың 23-24 қазан аралығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болу ықтималдылығына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, сонымен қатар судың жайылуы мүмкін.
24-25 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с.
Таразда 24-25 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
24 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Петропавлда 24 қазанда түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетауда 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
24 қазанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі.
24 қазанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте 23 қазанда күннің екінші жартысында, 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістанда 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбеде 24 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
24 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с.
Оралда 24 қазанда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылордада 24 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с.
24 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Жезқазғанда 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағандыда 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанайда 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қалың жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.
Алматыда 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.