56 жыл бұрын (1968) ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы СӘДЕНОВ дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолы: Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етті. 2016 жылғы маусымнан бастап ҚР Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды. 2019-2022 жылдары Астана қаласы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарып, 2022 жылы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Қазақстан Республикасына 20 жыл», «Қазақстан конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.
47 жыл бұрын (1977) Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры Арман Найманбайұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы облысы прокуратурасының Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Алматы облысы прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, облыс прокурорының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі көмекшісі, Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Талдықорған қаласы прокуратурасының соттарда қылмыстық істерді қараудың заңдылығын қадағалау бөлімінің басшысы, Алматы облысы прокуратурасының мемлекет мүдделерін білдіру жөніндегі басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Алматы облысы Райымбек ауданының прокуроры болып қызмет етті, ал 2016-2022 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокуратурасын басқарды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
45 жыл бұрын (1978) Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Талғат Бақытұлы МҰҚАШЕВ дүниеге келді.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының м.а., 2000-2001 жылдары Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі, 2001-2002 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының көмекшісі, 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының аға көмекшісі, 2002-2004 жылдары Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, 2004-2007 жылдары Қарағанды облысы Абай ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2009 жылдары Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокурорының орынбасары, 2009 жылы Қарағанды облысы прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы, 2010-2013 Қарағанды облысы прокуратурасының сотта мемлекеттік мүдделерді қорғау бөлімінің басшысы, 2013-2017 жылдары Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры, 2017-2020 жылдары Қарағанды облысы Абай ауданының прокуроры болды.
2020 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1986) QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келген.
Қарағанды облысында туған. 1995 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы Остин қаласындағы Техас университетін (АҚШ) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша тәмамадаған.
Еңбек жолы: 2008-2010 жылдары Остин қаласында мұнай және геожүйе инжиниринг орталығында ғылыми қызметкер, Калифорния, Колорадо және Техас штаттары (АҚШ) бойынша бұрғылау инженері болды. 2010-2016 жылдары Иракта бұрғылау бойынша аға инженер, Сахалин аралдарында бұрғылау бойынша бас инженер, Атырауда ExxonMobile корпорациясының аға жобалаушы инженері қызметтерін атқарды. 2016-2018 жылдары Кәсіптік супервайзер бастығы, Шотландияның перт қаласында Merlin ERD компаниясында бұрғылаудың жетекші инженері болды. 2018-2019 жылдары McKinsey and Company компаниясының мұнай саласындағы жаһандық сарапшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2020-2022 жылдары Украина «Нафтогаз» ҰАҚ кен орындарын барлау және өңдеу блогының басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың наурыз айынан бері қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1986) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келді.
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған.
Еңбек жолын тағылымгер ретінде ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде бастаған. Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде ассистент-зерттеуші болып жұмыс істеді. 2011-2017 жылдары Экономикалық зерттеулер институтында, Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығында жауапты лауазымдарда, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінде жобалар портфелінің жетекшісі болып жұмыс істеді. 2017-2023 жылдары Қазақстандық ірі жекеменшік консалтинг компаниясының бас директоры болып, Біріккен Араб Әмірліктерінде Уайтшилд Партнерс (Whiteshield Partners) халықаралық консалтинг компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры болды және бизнесте басшы қызметтерді атқарды. 2024 жылы ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.