Site icon Мейірімді қоғам

1938-1951 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН МИНИСТРЛЕР, КАБИНЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛҒАН (ҚАЗІРГІ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР)

 НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:

«Мен үш нәрседен тазамын. Біріншіден, сонша жыл ел басқарып отырып біреуге нақақтан-нақақ жала жауып, қиянатқа барған емеспін, біреуден бір сом да пара алған емеспін – қолым таза! Екіншіден, 1937-38 жылдардағы қаралы күндерде боздақтарды атып жатқанда, бір қағазға қол қойған емеспін – арым таза! Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген емеспін – жүзім таза!». 

«… — Соғыс бітіп, ел әлі есін жиып үлгермеген жылдар. Мәскеудегі өтетін жиналыстарға жиі барамыз. Бір жолы сондай бір жиынды Украинаның сол кездегі басшысы Н.С.Хрущев жүргізді. Оның қасына Өзбекстанның жетекшісі Осман Юсупов жайғасыпты. Мәжіліс залына кіргенімде екеуі сыбырласып отыр екен. Шынымды айтсам, екеуін де аса ұната қоймайтын едім, сондықтан көздеріне түспей-ақ қояйын деп арт жаққа отыра беріп едім, Хрущев көріп қалды да: 

— Оңдасынов, тұр орныңнан! Сен неге өзбектерге ана үш ауданды бергің келмейді, өзбектер мақтаны жақсы егеді! – деді діңкілдеп. Мына сөз менің шымбайыма батып кетті: 

  — Ол үш аудан менің жерім емес, оны беру-бермеуді халық шешеді! Ал мақтаны біз де жақсы өсіреміз, өткен жылы жоспарды асыра орындадық! – дедім.   

Хрущев қып-қызыл болып кетті, ашулы үнмен «отыр!» деді. Оған айтқызып отырған Осман Юсупов екені даусыз. Өйткені оның өзі маған бір мәрте шығып, осы осы үш ауданды сұраған болатын, сонда мен: «Сіз де бір республиканы басқарып отырсыз, Сізден қырғыздар немесе әлде түркімендер үш емес, бір ауданыңызды сұраса берер ме едіңіз?!» дедім. Уәж айта алмай қалған болатын. Өзінің сөзі өтпеген соң даңғой Хрущевты айтақтап салып отырған түрі ғой!»

Exit mobile version