Site icon Мейірімді қоғам

 Адамый құндылықтар

Абай айтыпты:

Тобықты елімен көршілес Төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге:

— Меңаяқ өзінің атының басын өзі алып жүре алатын адам еді ,-дейді. 

Азалы елдің бір үлкен адамы: 

— Абай-ау, ол не дегенің? Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай: 

— Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, – деп жауап беріпті дейді.    

Exit mobile version