Бүгін, 12 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген?
55 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақытбек Сапарбекұлы СЫДЫҚОВ дүниеге келді.
Өскемен қаласында туған. 1991 жылы Владикавказ жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 1999 жылы Кеңес Одағының маршалы Р.Я. Малиновский атындағы Бронды әскерлер әскери академиясын, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультетін бітірген.
Еңбек жолы: 1999-2001 жылдары бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары — 07792 ә/б техникалық бөлімінің бастығы, 2001-2003 жылдары ҚР ҚК БШ Қару-жарақ департаментінің аға офицері, 2003-2004 жылдары ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасының бөлім бастығы, 2004-2006 жылдары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен штабының аға офицері, 2006-2007 жылдары Бас басқарма бастығының орынбасары — ҚР ҚК Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бас басқармасының штаб бастығы болып қызмет етті. 2007-2009 жылдары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары, 2009-2011 жылдары ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасының бастығы, 2011-2013 жылдары Ұлттық қорғаныс университеті ӘМБ факультетінің тыңдаушысы болды. 2013-2016 жылдары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары, 2016-2017 жылдары ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының (материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі) орынбасары, 2017- 2019 жылдары ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы, 2019-2021 жылдары «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы қолбасшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР ҚК Бас штабының бастығы – Тыл және қару-жарақ бастығының бірінші орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР ҚК Қару-жарақ бастығы лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы маусымнан бастап атқарып келеді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен, медальдармен марапатталған.
46 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Құрманғалиұлы БЕЙСЕНОВ дүниеге келді.
Петропавл қаласында туған. 1999 жылы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін «Әскерлерді қаржылық қамтамасыз ету және әскери шаруашылық экономикасы» мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қаржы академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы: Қазақстан әскерінде Б. Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушісінен бастап, ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Әр жылдары бюджеттік жоспарлау және қаржы саласында жауапты лауазымдарда болды. Сонымен қатар шет елдегі дипломатиялық корпуста қызмет атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
41 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ануар Маратұлы МАДИЕВ дүниеге келді.
2004 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер органдарында, ҚР Көлік және тасымал министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қазыбек би атындағы аудан бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, кейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экспорттық бақылау басқармасының басшысы, содан кейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Саудалық емес айналым басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылдан бері атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021); «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» (2021) медальдарымен марапатталған.
86 жыл бұрын (1938-2014) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, монументші-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Оңласынұлы НИЯЗБЕКОВ дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург көркем өнеркәсіп институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1963-1966 жылдары Санкт-Петербургтегі Электр пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы, 1966-1968 жылдары Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі, 1969-1982 жылдары Алматы қаласының бас суретшісі, 1982-1987 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы, 1983-1984 жылдары КСРО Суретшілер одағының хатшысы болып қызмет етті.
Ол – «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов» және басқа да алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В. Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді.
«Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста І дәрежелі сыйлық берілді.
«Құрмет» орденімен, 1998 жылы «Астана» медалімен, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі және т.б мемлекеттік марапаттармен марапатталған.