Site icon Мейірімді қоғам

Непалдық жасөспірім әлемдегі ең биік 14 шыңға шығып, рекорд орнатты

18 жастағы непалдық Нима Ринджи серіктесі Пасанг Нурбумен бірге 9 қазан күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:05-те 8027 метрлік Шиша-Пангма шыңына шыққан ең жас адам атанды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Шиша-Пангма 8000 метрлік 14 шыңның бірі, олардың барлығын Халықаралық альпинизм федерациясы теңіз деңгейінен 8000 метр биіктікте деп таныған. Ниманың жетістігін Непал альпинизм қауымдастығы да мойындады.

Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, бұған дейін 2019 жылы Мингма Гябу 30 жасында барлық 14 шыңды бағындырған. Жаңа рекордты бекітуге бірнеше апта кетуі мүмкін.

Мәліметтер бойынша, Нима өзінің эпикалық сапарын 2022 жылдың қыркүйегінде Непалдағы 8 163 метрлік Манаслу тауына шығудан бастаған. Келесі екі жылда ол 8000 метрлік шыңдардың барлығын, соның ішінде әлемдегі ең биік Эверест (8 848,86 метр) және қауіпті К2 (8 611 метр) шыңдарын бағындырды.

Айта кетейік, Ақмолалық жігіт Эльбрус шыңында «Адай» күйін ойнап, жұртты тәнті етті.

Exit mobile version