Мемлекет басшысы «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысу үшін Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы ғимаратына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.
Бұған дейін Түрікменстан ірі халықаралық форум өткізуге дайындалып жатқанын жазған едік.
Сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларация қабылдап, екі елдің президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізгенін хабарлаған болатынбыз.