Site icon Мейірімді қоғам

Испания, Сәрсенбай Еңсегенов

. Жерорта теңізінің жағасындағы Пальма — де — Мальорка қаласы. Сонау бзд 123 жылы Рим жаулап алған жер.
Ал, біздің заманымыздың 902 — 1229 жыл арасында бұл арал тұтастай Арабтар иелігінде болған. Арабтар 327 жыл билеген. Бірақ, ұстап қала алмаған.
Бүгінде Мальорка аралының Пальма бұғазында орын тепкен Пальма-де-Мальорка Испанияның портты қаласы және басты туризм орталығы. Ұзындығы 25 ені 20 км. Халқының саны 500 мыңға жуық.
Суреттегі Готикалық Кафедральдық Собор орынында бұрын Мұсылман мешіті болған. Собор құрылысы 1231 жылы Король Хайме ІІ кезінде басталған.
Жалпы Пальма соборын қоршап тұрған жерде араб дәуірінде салынған қала болыпты.
Мұсылмандар қаланы Мекке — Маюрка деп атапты.
Иә, барды ұстап қалу оңай емес. Тарих бұл жағынан бізге де үлкен сабақ берді.
Ал, заманауи Пальма (осылай да атайды) қаласы өз жолымен дамуда. Қала сәнді сәулетті ғимараттарға толы. Инфрақүрылым жетілген. Таза, жасыл желек. Теңізден соғар самал жел мен ауасы керемет.
Сәрсенбай Еңсегенов
Испания. Пальма қаласы. 27.09.2024 ж. Жұма
Exit mobile version