Мейірімді қоғам

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында осы демалыста, яғни 21 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді.

 

Сенбілік аясында қала аумағын қоқыстан тазарту, саябақтарды, гүлзарларды, аулаларды, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтану нысандарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жоспарланып отыр.

Әкімдік қаланың барлық кәсіпорнын, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын экоакцияға қосылуға шақырады.

Ауқымды экоакция аясында 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару болып саналады.

Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қоса алады. Экоакция сағат 9.00-де басталады.

Exit mobile version