Мейірімді қоғам

17 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1939) ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы ТОҚПАҚБАЕВ дүниеге келді.

Фото: turkystan.kz

Алматы облысы Іле ауданының ҚазЦИК ауылында туған. 1963 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша, СССР МҚК №302 Минск мектебін, 1971 жылы СССР Жоғары дипломатиялық мектебін тәмамдаған. Генерал-полковник.

1991 жылға дейін КОКП мүшесі. 1956 жылдан -Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» ұжымшарында жұмысшы. 1957 жылдан — Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері. 1958 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі. 1963 жылдың қыркүйек айынан СССР МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; СССР МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен. 1991 жылдың қараша айынан — Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы. 1993 жылдың маусым айынан ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. 1993 жылдың желтоқсан айынан ҚР ҰҚК төрағасы. 1995 жылдың қараша айынан ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы — ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы. 1997 жылдың наурыз айынан ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. 1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі. 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызметті жөніндегі комиссияның төрағасы — ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссиянын төрағасы. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін). 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

«Даңқ» (1997), «Барыс» (2008) ордендерімен; 14 медальмен марапатталған. «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001). Отставкадағы генерал-полковник І дәрежелі «Барыс» орденімен (2019 жыл) марапатталды.

80 жыл бұрын (1944) мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірінші төрағасы, қазақстандық қаржыгер, банкир, экономист Ғалым Байназарұлы БАЙНАЗАРОВ дүниеге келді.

Фото: kazpravda.kz

Торғай облысы Жангельдин ауданында туған. 1969 жылы АХШИ-ды бітірген, экономист.

Еңбек жолы: 1969-76 жылдары Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы. 1976-85 жылдары Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы. 1985-87 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1987-1992 жылдары Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-ші орынбасары. 1992-1993 жылдары ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасы. 1994-1995 жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 1995-1996 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі. 1996-1998 жылдары «Қазпоштабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры. 1997-1998 жылдары «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры. 1998-2002 жылдары Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы. 1999-2002 жылдары «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті. 2000-2002 жылдары ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесі төрағасының кеңесшісі. 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі болды.

«Парасат» орденімен, (2005); «Мемлекеттік банк үздігі» белгісімен, грамоталармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1968) ҚР Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі Тимур Мекешұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ дүниеге келген.

Фото: primeminister.kz

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын Еуропалық зерттеулер саласының магистрі дәрежесі беріліп, бітірген. 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры лауазымынан бастаған; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы (1997-1998); Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер секторының меңгерушісі (1998-1999); Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі (1999-2002); Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығы жетекшісінің орынбасары (2002-2003); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры лауазымын атқарған, Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі өкілдер тобын басқарған (2003-2005); «МТЗО» АҚ атқарушы директоры (2005-2006); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы (2006); «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» МҚК, ЖШС директоры (2006-2007); Астана қаласы әкімдігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары (2007-2009); Қазақстан Республикасының индустрия және сауда вице-министрі (2009-2010); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы (2010); «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі (2012-2014); Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі (2014-2017) болды. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Қазақстан Республикасы атынан мүшесі (2017 жылдан бастап), ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі (2017-2018), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (2018). Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі (2019-2021).

Қазіргі қызметінде 2024 жылдың маусым айынан бастап.

51 жыл бұрын (1973) ҚР Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Владимирович ПІРІМБЕТОВ дүниеге келді.

Фото: ҚР Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігі

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1996 ж.).

Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референті қызметінен бастап, содан кейін атташе және үшінші хатшы болып жұмыс істеді. 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 2004 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде аға сарапшы, бас инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан бастап 2018 жылдың наурызына дейін — Қазақстан Республикасы Президент Протоколы бастығының орынбасары болды. Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Испан және ағылшын тілдерін меңгерген.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

49 жыл бұрын (1975) Kaz Alpine Club басқарма төрағасы Ерлан Валерьевич СМАЙЛОВ дүниеге келді.

Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. 1997 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1997-2001 жылдары «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мыс балқыту зауыты Балқыту цехы Электр пеші бөлімшесінің балқытушысы, ауысым шебері және аға өндірістік шебері. 2001-2003 жылдары жеке өндірістік компанияларда Бас металлургтың басшылық позициясында болды. 2003-2006 жылдары зерттеу, аналитика және консалтинг саласында, зерттеуші, талдаушы, жобалар мен компаниялар басшысы позицияларында жұмыс істейді. 2006-2009 жылдары National Business іскерлік журналының талдаушысы, жобалар жетекшісі, бас редакторының орынбасары. 2009-2013 жылдары Саяси шешімдер институтының ұйымдастыру жобаларын дамыту жөніндегі директоры. Жоба авторы, жетекшісі, КИПР (Саяси шешімдер институтының клубы) модераторы. 2015-2018 жылдары «ФинТех» Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ-ның атқарушы директоры. 2017-2021 жылдары Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 2013-2021 жылдары дара кәсіпкер, «Кипр» аналитикалық тобының жетекшісі.

39 жыл бұрын (1985) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Әділханұлы ЖҮДЕБАЕВ дүниеге келді.

Фото: primeminister.kz

Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы дарындағы балаларға арналған музыкалық орта мектеп интернатының түлегі. 2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыка факультетінің домбыра мамандығы бойынша және 2005 жылы қосымша дирижерлау мамандықтарына оқуға түсіп, үздік бітірген. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратура ғылыми-педагогикалық бағытында 6М040500-дирижерлеу мамандығы бойынша конкурс негізінде мемлекеттік грантқа ие болып, 2011 жылы Өнертану магистрі академиялық дәрежесін алады.

2009-2013 жылдар аралығында аталмыш оқу орнында оқытушы қызметімен қатар, студенттік ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарады. 2013 жылдың кыркүйегінен бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Қазіргі қызметін 2024 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.

91 жыл бұрын (1933-2011) қазақстандық қылмыстық құқық және криминология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры Елеген Ізтілеуұлы ҚАЙЫРЖАНОВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Алматы заң институтын бітірген.

Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде тергеуші болып бастаған. 1964-1973 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1973-1987 жылдары — СССР Ішкі істер министрлігі Қарағанды, Омбы жоғары милиция мектептерінің зертхана, кафедра бастығы. 1987-1995 жылдары — Қазақ мемлекеттік университеті криминалистика кафедрасының, қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы. Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді. Негізгі ғылыми еңбектері криминалистикаға арналған. 150-ден астам ғылыми еңбегі және оқулықтары бар.

Exit mobile version