Мейірімді қоғам

Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқасы туралы мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуға дайындықты бастап кетті.

Бұл жөнінде ол Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«Мен дайындықты бастадым. Жақында жекпе-жек!», — деп жазды Жәнібек.

Еске салсақ, осы аптада Top Rank промоутерлік компаниясының өкілдері Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген үміткер Андрей Михайловичпен жекпе-жекті өткізу құқығы үшін No Limit boxing компаниясымен сауда-саттықтан ұтылды.

Әзірге жекпе-жектің нақты уақыты белгіленген жоқ. Алдымен ол шілде айында өтуі тиіс болатын. Алайда Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Қазақстандық боксшы жекпе-жектен 11 сағат бұрын ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Камиль Куруглиев еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды.

Exit mobile version