Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан шайды қайдан импорттайды

Қазақстан шайды қайдан импорттайды

0

Биылғы бірінші жарты жыл ішінде Қазақстан 40,4 млн АҚШ доллары сомасына 13,4 мың тонна шай импорттады, Ұлттық статистика бюросына сілтеме.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 28,1% қысқарды.

Негізгі жеткізушілер Кения – 4,8 мың тонна, Үндістан – 4,7 мың тонна, сондай-ақ Қытай мен Ресей – әрқайсысы 1,1 мың тоннадан. Оған қоса шай өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан да келеді.

Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.

Айта кетейік, бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай тұтынады (2023 жыл бойынша).

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version