Баяғыда Хан Қожанасырды шақырып алып:
– Саған мың ділдә берем, мына есекке он жылда тіл үйрет, – депті.
– Айтқаныңызға құлдық – деп , Қожа бір қап ділдәні
арқалап , есекті жетектеп келе жатса кемпірі алдынан
шығып:
– Ей, алжыған! Қай заманнан көрдің есектің тіл үйренгенін?! – депті.
Сонда Қожанасыр:
– Саспа , кемпір! Он жылда не есек өлер, не мен өлем, не
хан өліп бір жөні болар, – депті жарықтық.
Шын мәнінде, бұл КҮЛЕТІН ӘҢГІМЕ ЕМЕС, ЖЫЛАЙТЫН СӨЗ!
***
Адамға екі нәрсе тірек тегі –
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
Жүсіп Баласағұни
Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің кәдірін білмеу — мәдениетсіздік.
…
Мен ана тілімде жазып, ойымды ана тілінде білдіріп қана қоймай, тіпті, түсімді де қазақша көремін.
…
Өз тілін, әдебиетін, қәдірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
…
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барамын десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, ана тіл әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді өмір бақи асыл қасиетіндей сақтау керек.
…
Бірталай қызметкерлер, олардың үй-іші кейде, тіпті қазақ әдебиетін, ол әдебиеттің көрнекі нұсқаларын орысша аударылған түрде ғана оқиды. Осындай оқушының бар екені даусыз. Әрине, бұл жәй ол адамдар үшін сорлылық».
…
Елдіктің негізгі белгісі – тілінде. Тіл – аса қәдірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек.
Ғабит Мүсірепов
Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиспіз.
…
Тiлiмiздiң бүлiнбей сақталуын тiлесек, әуелi, өз ана тiлiмiзде оқытып, сонан соң басқа тiлді үйретуге тиiспiз.
Ахмет Байтұрсынұлы
Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам жаным түршігеді.
В.Г.Короленко
Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.
Жүсіпбек Аймауытов
Өз ана тіліне немқұрайдылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей.
К.Г.Паустовский
Тіл жоқ екен – ой жоқ, ой жоқ екен – адам жоқ.
Рабиндранат Тагор
Өзге ұлттың тілін, дәстүрін білмей оның жанын,арманын түсіну, сеніміне, құрметіне бөленіу мүмкін емес.
Өз тілінің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай.
Бауыржан Момышұлы
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақының білімсіз бишарасы.
Абай Құнанбайұлы
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
М.Әуезов
Әкемнің құты,
Анамның сүті –
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Қазақтың ұлы тарихтың,
Құйған сана ойыма —
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!
Сәбит Мұханов
Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.
Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін, Оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
К.Д.Ушинский
Сүйемін туған тілді – ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
С.Торайғыров
Туада үйренген ана тілі – ұмтылмайтын мәдениет.
Д.Нацагдорж (монғол)
Тілі зордың – елі зор.
И.С.Тургенов
Тiл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтiндей өлген, жоғалған ұлт болады.
Ғұмар Қараш.
«Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi».
Мағжан Жұмабаев
Қазақстанның болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз!
…
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
…
Ана тілі – ардағымызды жойылудың аузынан аман алып қалған сол өршіл рух емес пе?
…
Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады.
…
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты.
…
Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.
…
Өз тілімізбен өмір сүрейік!- бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата-мұра шамын солай өшірер…
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол – рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі мен рухы
Ой санаңа іргетас боп қалмаса!
М.Шахан
Ана тілім жойылар болса, мен бүгін өлуге даярмын!
Р.Гамзатов
«Ел қайда, дінің қайда, ерің қайда?
Бостандық-еркіндіктен жылт қайда?
Құл болдық, қожайындар қодыраңдап,
Ал, елім, өзің тұрып қару сайла!»
Шарқи үкіметі – орыстардың қолшоқпары, дінді уақыттық желеу еткенмен ақыры оны жоғалтады, елдің мал-мүлік жинауына ерік бермейді. Бұл қызыл үкіметтің (Совет үкіметі) ежелгі әдісі.
Нағыз еркіндігіміз, дініміз үшін аттанысқа келіп, қолға қару алып, «қызылдастыруға» қарсы тұрайық!
Қалибек Хакім
1947 жылы
(«Іле тарихи материалдары», 14 сан «Кешірмелерім» 100 бет.)
Кім менің еліме-жеріме, дініме, тіліме тиіссе — сол менің жауым болды. Оны қара қытай, қызыл қытай деп айырмадым. Қарсы оқ атқанды аямадым.
Оспан батыр Сіләмұлы (Ж.Шәкенұлы, «Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелері» кітабынан).
Жинақтап, ұсынған: Жәди ШӘКЕНҰЛЫ
