Home ТӘРБИЕ СОЛ КҮННЕН КЕЙІН ЕШКІМ ЖАТТЫҒУДЫ ҮЗГІСІ КЕЛМЕПТІ…

СОЛ КҮННЕН КЕЙІН ЕШКІМ ЖАТТЫҒУДЫ ҮЗГІСІ КЕЛМЕПТІ…

0
Бір жаттықтырушы спортшыларына:
«Маған сендердің жеке мәселелерің ешбір маңызды емес…
Сендер жаттығуларға қайткенде келулерің керек…
Жаңбыр жауып тұрса да бәрібір…
Ақшаң таусылып қала ма, маған бәрібір…
Қандай уайым-қайғыда болсаң да бәрібір…
Қандай жағдай болмасын, сендер болуға тиіс жерде болып, дайындық жасауларың керек» депті…
Спортшылардың бірі:
«Ұстаз, менің ойымша, бұл өте қаталдық, егер бір күні бізге шынымен қиын жағдай болса ше?
Бізді спортпен айналысуға шынымен мәжбүрлейсіз бе?» деп сұрапты…
Жаттықтырушы:
«Бұл жай ғана жеңіл атлетика немесе спорт емес…
Бұл өмірдің өзі…
Сенің үйден алыста болғаның үшін өмір саған алаңдайды деп ойлайсың ба?
Ақшаңның бар-жоғы оған қатысты деп ойлайсың ба?
Сен мұңайып отырсаң өмір сені жұбатады деп ойлайсың ба?
Ешқашан ондай нәрсе болмайды…
Өмір жалғасуы керек, сен алға жылжуың керек…
Дайындық дегеніміз осы…
Маған берген уәдең емес, өзіңе берген уәдең…
Қандай жағдай болмасын алға ұмтылуға деген уәде…
Уәдеңе адал болсаң, алға қойған меже мен мақсаттарыңа жететініңді түсінгенде, спорт саған қалай жүгіруді, секіруді, лақтыруды емес, өмірде жеңімпаз болуды үйрететінін түсінетін боласың.», — депті…
Сол күннен кейін ешкім жаттығуды үзгісі келмепті…

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version