Home ҒИБРАТ ШЕҢБЕРДІҢ СЫРТЫНДА ОЙЛАНУ

ШЕҢБЕРДІҢ СЫРТЫНДА ОЙЛАНУ

0
Жүздеген жылдар бұрын Италиядағы шағын қалада бір кәсіпкер банкирге үлкен көлемде ақшаға қарыз болып қалады. Банкир өте кәрі адам болса да кәсіпкердің жас қызына ғашық екен.
Банкир кәсіпкерге қарызды толығымен өтеу туралы келісімшарт ұсыныпты. Келісімшарт бойынша мәселе кәсіпкердің қарызын оның қызына үйлене алатын жағдайда ғана шешілуі керек екен.
Банкир дорбаға бір ақ тас пен бір қара тасты салатын болыпты. Содан кейін қыз дорбаның ішшінен, тастардың бірін алып шығуы керек. Тас егер қара болса, қарыз жойылады және қыз банкирге үйленеді. Егер тас ақ болса, қарыз да жойылады, бірақ қызы несие берушіге тұрмысқа шықпайды деп келісіпті.
Кәсіпкердің ауласындағы тас жолдан банкир еңкейіп екі ұсақ тас алып, дорбаға салады. Ол тасты алып жатқанда, қыз оның екі қара тас алып, дорбаға салғанын байқап қалады.
Содан кейін банкир қызға дорбаға қолын салып, «Бір тасты алып шық!»,- депті.
Қыздың алдында үш таңдау болды:
1. Дорбадан тас алудан бас тарту.
2. Өтіріктші алаяқтың әрекетін әшкерелеу үшін сөмкеден екі тасты қатар алып шығу.
3. Дорбадағы екі қара тастың бірін алып, әкесінің бостандығы үшін өзін құрбан ету.
Қыз дорбадан тасты аларда, тасқа қарамай тұрып, жердегі басқа ұсақ тастардың арасына «кездейсоқ түсіріп алады».
Сосын несие берушіге: «Ой, ақымақ басым тасты байқамай түсіріп алдым ғой, бірақ бұл маңызды емес. Енді сіз дорбада қандай тас қалғанын қарасаңыз, менің қандай тас алғанымды білесіз емес пе!»,-депті.
Дорбадағы тас та әрине, қара түсті. Несие беруші өзінің әрекетін әшкерлегісі келмегендіктен, қыздың түсіріп алған тасы ақ түсті тас деп «мойындап» және оның әкесінің қарызы өтелді деп айтудан басқа жолы қалмаған екен.
А.Т
#Амантайтойшыбайұлы

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version