Home ҒИБРАТ ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН ҒАЖАП ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРДЕН АЗ ҮЗІНДІ

ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН ҒАЖАП ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРДЕН АЗ ҮЗІНДІ

0

— иманыңды күшейткің келсе, ішкі әлеміңді жұмсарт.

— сопылар шектен шықпайды, ұшқарылыққа берілмейді, олар ұдайы жұмсақ, және орта жолды болады.

— мына өмірде әрқандай ұшқарылықтан аулақ бол, себебі ол сенің ішкі тепе-теңдігіңді бұзады.

— кез келген бұтшылдықтан да аулақ бол, себебі олар көкжиегіңді бұлдыр етеді, тек Алла, тек Алланы ғана ең бірінші пірің ет.

— егер бір аяғыңның жәннатта тұрғаны мүлдем ақиқат болса да, өзіңді Алланың жоспарынан қауіпсіз сезінбе.

— елдің мақтағанына бола жүрегің мәз болмасын, сонымен бірге елдің сынағаны үшін де көңілсіз болма.

— сұлу жүз назар тартады, сұлу мінез жүрек тартады.

— сөзің үнсіздігіңнен әдемі болған кезде ғана сөйле.

— жүрегің жатқан алып мұхиттай үлкен, барда, сол мұхиттың тереңінен өзіңді тауып ал.

— үрей, ‘егер солай болса қайтем’ дейді, ал иман, ‘тіпті солай болса да’ дейді.

— егер айналаң тола қараңғы болса, онда қайта қарап көр, мүмкін, жанып тұрған шырақ сен шығарсың.

— әрбір дінде махаббат бар, бірақ махаббатта дін жоқ.

— өзіңді ұсқынсыз қоғамға икемдеймін деп, сұп-сұлу жаныңды бұзып алма.

— рухыңды Алла махаббатына сүңгітіп ғайып қыл, серт етемін, бұдан басқа әдемі жол жоқ.

— елдің айтқанын істеп едім, соқыр болдым, біреулер шақырғанда барып едім, адасып кеттім. содан елдің бәрін тастадым, өзімді де тастап кеттім, бір ғажабы сол, мен сол кезде барып, елді де, өзімді де тауып алдым.

— қабыр тәніңді алады, өкініш жаныңды алады. Олардың біреуі сені тез жерлеп, тыныш тапса, біреуі сені бірақ жұтады.

— куәгер бол, кесімші болма, өзгеге емес, өзіңе қара, көпке емес, жүрегіңе құлақ сал.

— адамдар бізді жараламайды, бізді адамдардан күткен дәмеміз жаралайды.

— үйіңді қонақ келетіндей таза ұста, жүрегіңді қазір өлетіндей таза ұста.

— бірдеңе керек болғаны үшін намаз оқыма, бірақ Аллаға айтар сансыз алғыс барлығын түсініп, намаз оқы.

— жүздері иманмен жәйнап тұрған адамдармен бірге бол, себебі олардың күлімсірегені саған кітап үйрете алмайтын нәрселерді үйретеді.

— кімдермен көп бірге болсаң, солар сенің жүрегіңмен мінезіңді жасайды. Мәселен, шыншыл таза адамның көрінген жәй бір бейнесінің өзі сөзбен үйретіп бола алмайтын нәрсені үйрете береді.

— береке шүкіршілікпен артады, ал береке дегеніміз Алладан бір сырлы сыйлық, оның шегі болмайды.

— Алла төбемізден қарап тұр деп ойлайтын шығарсың, бірақ ақиқатында Алла бізді іш жағымыздан көріп тұрады.

— дәме етуді қойып, төзіммен қабыл ете білуге ауысқан кезде ғана мына өмірің мамыражәй тыныш өмірге өзгеретін болады.

— жүрегіңде тұнып тұрған мөп-мөлдір мол махаббат бар, сол махаббаттан өзіңе де біраз үлес бер.

— кейде ұзағырақ күтуің керек, себебі саған келе жатқан береке де үлкенірек.

— төккен мейірімің де кімнің үстіне төгіліп жатқанымен ісі жоқ жауын сияқты кең болсын.

 

https://web.facebook.com/story.php?story_

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version