Home РУХАНИ ТӘРБИЕ ШЫНАЙЫ ТАБИҒАТЫМЫЗДЫ ТҮСІНГЕН КҮНІ НЕ ӨЗГЕРЕДІ ЕКЕН?

ШЫНАЙЫ ТАБИҒАТЫМЫЗДЫ ТҮСІНГЕН КҮНІ НЕ ӨЗГЕРЕДІ ЕКЕН?

0

Бірде қайыршы пойызда садақа сұрап жүріп жақсы костюм киінген  кәсіпкерді байқапты. Мүмкін осы адамнан сұрасам, көп ақша берер деп ойлайды. Сосын  сол адамға барып қайыр сұрайды.

Ол адам қайыршыға қарап: «Сен үнемі адамнан сұрайтын болуың керек, бірақ өзің адамдарға бірдеңе беріп көрдің бе?» депті.

Қайыршы: «Мырза, мен қайыршымын. Мен біреуге қалай бірдеңе бере аламын?»

Ол: «Егер сен адамға ештеңе бере алмасаң,  сұрауға құқығың жоқ. Мен кәсіпкермін, сондықтан тек саудаға сенемін. Егер сенде беретін нәрсе болса, мен де бере аламын».

Дәл осы кезде пойыз станцияға келіп, кәсіпкер түсіп кетіп қалыпты.

Қайыршы ол адамның сөздері туралы ойлана бастайды. Оның сөздері қайыршының жүрегіне әсер етіпті.

«Мен адамдарға ештеңе бермейтіндіктен ақша таппайтын шығармын? Қанша уақытқа дейін ештеңе бермей адамдардан сұрай бермекпін».

Терең ойлана келе адамнан бірдеңе алған сайын оның орнына бірдеңе беруім керек деп шешіпті.

Бірақ қайыр сұраған кезімде орнына басқаларға не беруге болады деген сұрақ туындайды.  Күні бойы осы туралы ойлап, жауап таба алмайды.

Келесі күні ол станцияның маңында отырғанда,  айналасындағы гүлдерге көзі түседі.  Садақа орнына  неліктен гүл бермеске  деп ойлайды ол. Бұл идея өзіне ұнаған соң ол жерден бірнеше гүл теріп алып, қайыр сұрау үшін пойызға отырады.

Біреу оған садақа бергенде, ол оған гүл сыйлады. Адамдар гүл алып, қуанып қалады.

Енді қайыршы күн сайын гүл жинап, садақаның орнына адамдарға гүл тарататын болыпты. Оған көп адам садақа бере бастағанын бірнеше күннен кейін байқайды.

Ол станция маңындағы барлық гүлдерді жұлып бітірген екен.

Гүлдері болған кезде көп адам оған садақа берді. Бірақ гүлдері жоқ болғанда, ол ештеңе ала алмады. Бұндай  жағдай  бірнеше күнге  жалғасты.

Бірде ол садақа сұрап жүріп вагонда отырған әлгі кәсіпкерді көріпті. Дәл осы кісінің себебімен оған гүл тарату идеясы келді емес пе.

Қайыршы оған бірден қолын созып: «Бүгін мен саған садақа орнына гүл сыйлайын», — депті. Ол адам оған ақша берді, ал қайыршы оған гүл сыйлады. Ол адамға оның ақылы қатты ұнап, қатты әсер еткен екен.

Ол: «Уау! Бүгін сен дәл мен сияқты кәсіпкер болып кеткен екенсің ғой», — депті.

Қайыршыдан гүл алып, ол адам  түсіп кетіп қалды. Бірақ оның сөздері қайыршының жүрегіне тағы да әсер етеді. Ол бұл адамның айтқаны туралы қайта-қайта ойланып қуана бастайды.

Оның көздері жарқырап, өмірін өзгерте алатын сәттіліктің кілтін тапқандай сезінеді.

Ол бірден пойыздан түсіп, қуанышпен көкке қарап, қатты дауыспен: «Мен қайыршы емеспін, мен қазір кәсіпкермін. Мен де осы мырза сияқты бола аламын, мен де бай бола аламын» деп айқайлапты.

Адамдар оған қарап, бұл қайыршы жынданып кетті деп ойлайды. Келесі күннен бастап қайыршы  станцияға қайта келмеді.

Төрт жылдан кейін бір станциядан костюм киген екі адам  пойызға қатар отырды. Екеуі бір-біріне қараған кезде біреуі еңкейіп: «Сіз мені танисыз ба?»

Келесісі: «Жоқ! Мүмкін біз алғаш рет кездесіп отырған шығармыз», — деп жауап беріпті.

Алғашқысы: «Мырза, мен есімде жақсы сақтаймын. Біз үшінші рет кездесіп  отырмыз».

Екінші адам: «Есімде жоқ. Біз бұрын қашан кездестік?»

Бірінші адам күлімсіреп: «Біз бұрын бір пойызда екі рет жолықтық. Ол кезде мен қайыршы болдым. Бірінші кездесуде сіз маған өмірде не істеуім керек екенін айттыңыз. Екінші рет сіз маған менің кім екенімді айттыңыз. Сондықтан, бүгін мен үлкен гүл саудагері болдым, қазір бизнесім бойынша басқа қалаға бара жатырмын».

«Бизнес заңына сәйкес, біз бірдеңе бергенде, басқалардан бірдеңе аламыз. Сауданың бұл ережесі шынымен жақсы жұмыс істейтінін білдім. Бірақ мен әрқашан өзімді қайыршы деп ойладым, одан жоғары көтерілу туралы ешқашан ойлаған емеспін.

Мен сізді екінші рет кездестіргенде, сіз менің кәсіпкер екенімді айттыңыз. Сол күннен бастап сіздің арқаңызда менің көзқарасым өзгерді, қазір мен кәсіпкермін, мен енді қайыршы емеспін»,-депті.

Үнді данышпандары: «Мен кіммін?» деген сұрақ қойып, өзін-өзі танып-білуге көп көңіл бөледі.

Қайыршы өзін «қайыршымын» деп санаған кезінде қайыршы қалпында жүрді,  ал өзін «кәсіпкермін»  деп ойлаған кезде,  қайыршы емес болды.

Иә, дәл осы тарих сияқты, БІЗ ШЫНАЙЫ ӨЗ ТАБИҒАТЫМЫЗДЫ ТҮСІНГЕН КҮНІ НЕ ӨЗГЕРЕДІ ЕКЕН?

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version