ЕГЕР МЕН САҒАН БІР ҒАНА КЕҢЕС БЕРУІМ КЕРЕК БОЛСА, ашыққанға тамақ беру-ізгіліктің белгісі, ғайбатшыны кешіру-даналықтың белгісі, мақсаты бірді қорғай білу-көңілі жақсының белгісі, іздеп келгенге көмектесу-жігіттіктің белгісі,шаршаған адамға көмек жасау-жомарттықтың белгісі, салиқалы сабырлы болу- адамшылықтың белгісі, қателікке ұяла білу-жүрегі ізгінің белгісі, жасап тұрғызуға тырысу-берілгендіктің белгісі, ақиқатты сүю-ғалымның белгісі, жұмсақ болу, бас тарту-күштліктің белгісі дер едім.
Ешкімді де жек көрме, ешкімді де қатты жақсы көрме. Мөлшерінен асырып жіберсең сүйіспеншілік уға, жеккөрушілік жаулықа айналады.
Ешкімге де тым көп сенбе, ешкімнен де қатты қорықпа. Жай ғана қатынас. Қарым-қатынасыңда қалауың мен үмітіңді алға шығарма, оларды жай ғана сезін…
Тым көп мән берген нәрсең айналып өзіңді қинайтын болады. Мен мұны ол үшін жасадым, өз мүддемді олар үшін пида еттім, олар түсінуге тиіс деп күтпе. Олар түсінбеуі де мүмкін.
Ұшқан құстың жылдамдығымен ғарыштап бара жатқан бұл заманда жалпы әрбір адам өз психикасын таза сақтап қалу үшін әрбір нәрсеге тым көп мән беруді және үлкен үміт күтуді тоқтату керек.
ЕГЕР МЕН САҒАН БІР ҒАНА КЕҢЕС БЕРУІМ КЕРЕК БОЛСА, мен саған өз қалпыңмен болуды ешқашан тоқтатпа, өзіңді бағала, өзіңді жақсы көрі, өзіңді қатты жақсы көр деп айтар едім, өйткені өзіңді жақсы көрсең тіптен бақытты боласың деп айтқым келеді…
ЕГЕР БІР ҒАНА КЕҢЕС БЕРЕР БОЛСАМ, балаларыңа мейірімді жұмсақ бол, қарттарға құрметпен қара, аз сөйле, сүйіспеншілікке беріл, зұлымдыққа ешқашан бей-жай қарама…
ЕГЕР САҒАН БІР ҒАНА КЕҢЕС БЕРУІМ КЕРЕК БОЛСА, басқалардың кертартпа сөзін елеме, батыл бол, арманыңа ұмтыл, қызғаншақ адамдардан, сені бағаламайтындардан аулақ бол, бақытты адамдарға, шын жақсы көретін адамдарыңа жақын бол, өйткені бақыт деген нәрсе жұқпалы болады деп айтқым келеді…
ЕГЕР МЕН САҒАН БІР ҒАНА КЕҢЕС БЕРУІМ КЕРЕК БОЛСА, уақытыңызды босқа өткізбе дер едім, өйткені өмір бір сәтке созылады және тым қысқа!
ЕГЕР МЕН САҒАН БІР ҒАНА КЕҢЕС БЕРУІМ КЕРЕК БОЛСА, Алланың ақиқатына сену сауап, адам баласының амандығына дұға ету-сауап, ата-бабалар рухын сыйлау-сауап, ақылды адамдардан тәлім алу-сауап, алаламай жақсылық жасау-сауап, ағаш отырғызу, тал егу- сауап, әлсіздерге көмектесу-сауап, дұрыс та сәулелі өмір сүру-сауап, елің үшін аянбай еңбек ету-сауап, жауап тілемей ойланбастан көмектесу-сауап, жамандықтан ада, ақкөңіл болу-сауап, кешірімді болып, берекеге бастау-сауап, күнәларына өкініп, қателіктерін түзету-сауап, қарттарға қамқор болу-сауап, қолы ашық, жомарт болу-сауап, Отанды, туған жерді сүю, қорғау- сауап, отбасыңды тәрбиелеу, асырау-сауап, өмірді жақсы жағынан көру-сауап, өзгені өз нұрымен жарқырату-сауап деп едім! Сансыз сауаптар осылай жалғаса береді!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
