Home ЖАҢАЛЫҚТАР ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары: Жастарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған форум

ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары: Жастарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған форум

0

Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, Астана қаласы әкімдігі мен Zakon.kz интернет-басылымының қолдауымен «ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты республикалық форум өткізді

Форумға 1500-ден астам студент, сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, танымал блогерлер мен медиа тұлғалар қатысты. Бұдан бөлек, іс-шара онлайн режимде де көрсетілді.

Сахнада Қаржылық мониторинг агенттігінің спикерлері дропперлік қауіптер туралы айтып, цифрлық алаяқтықтан қорғану бойынша практикалық кеңестер берді. Сонымен қатар, дипфейктерді қалай анықтау және оларды шынайы видеоматериалдардан ажырату тәсілдерін түсіндірді.

Форумның атмосферасын «Астана» командасының ойыншылары мен танымал «Патруль» сериалының актерлері ерекше нөмірлерімен жандандыра түсті.

Форум цифрлық сауаттылықтың қазақстандықтар үшін заманауи әрі нақты қажеттілік екенін дәлелдеді. Тәуекелдер мен цифрлық сауатты меңгерген адамдар көбейген сайын, онлайн орта да қауіпсіз бола түсетіні анық.

Астана қаласының Ішкі Саясат Басқармасының мұндай ізгілікті істерін тұрғындар да қолдайтынын айтты. Жиынға қатысқан ақсақал Мекебай Какенұлы былай деді: «Кеше есірткімен қалай күресуге байланысты жақсы диалог болды. Егер мұнымен қазірден бастап күреспесек жайға қаламыз, ақыры жастарымыз нашақорлыққа беріліп ессіз қалса не боламыз. Сондықтан қала әкімінің тәрбиелік мәні бар істерін қолдап отырамын. Ал бүгінгі іс шараның орны бөлек. Бүгінгі заманда интернет дамыды. Оны қолданушылардың саны да көбейді. Адамдар ешбір қиындықсыз шар тарапты интернет арқылы шарлап жүр. Әлемдегі болып жатқан жаңалықтардан бастап, қызықтың барлығын қол телефон арқылы біліп алады. Жалпы бүгінгі ғасыр ақпарат саласының болашағын айқындап берді. Ешбір қиындықсыз әлемдегі болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды, жетістіктерді біліп отыратынымыз жақсы ақ. Тіпті әлемді жайлаған қырғын соғысты, азғындықты, қайғы мен қасіретті әп-сәтте біле аласың. Бұл ғылымның жетістігі. Ал мұны теріс пайдаланған алаяқтардың ісқылығы бәрімізге аян. Осыдан қалай сақтанудың жолдарын қатысушылар ашық айтты, әңгімеледі, түсіндірді. Қала тұрғындарын сақтыққа шақырды. Сондықтан барлық жамандықты үкіметке, қала әкіміне артпай, әр бір тұрғын өзіміз сақ болу керек екенін түсіндім», — деді, жасы сексенге таяған көне көз ақсақалымыз. Міне іс шараның сәтті өткеніне қатысушылар өздері куә болды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version