Home ТАНЫМ «ЖЫЛҚЫНЫҢ БАС СҮЙЕГІ»

«ЖЫЛҚЫНЫҢ БАС СҮЙЕГІ»

0

✍️ автор Мерей Қарт : “Кеше, бір жекжаттың жерлеу рәсіміне қатыстық. Бір кезде екі жас жігіт (түр сипаты сақалы бар, мұрты жоқ) мазарларды аралап жүріп, қабір үстіне қойылған жылқының бас сүйектерін жинап тастады.
— Жігіттер, неге жинап жатырсыңдар, тұра бермей ме?! — дедім. Ішке симай.
— Ұстаз айтты, болмайды,- деп, шолақ қайырды.
— Біреудің зиратында нелерің бар?! Ұрпақтары біледі ғой,- деп едім.
— Білмеген соң қойған ғой,- деді де, бас сүйектерді бір-біріне байлап, алып кетті. Осылай тазартып жүрген сияқты-мыс.

Енді, марқұмның қонақасына, жылына сойлыған жылқының бас сүйегін қабіріне қою дәстүрі жалғасып келе жатқалы қаншама ғасыр жүзі өтті.

Түркі мәдениетінде, танымында «жылқы» мотиві болуы, маңызы және тұтастай тіршілігіне байланысы, сол қоғамның наным-сеніміне арқау болғаны тарихтан белгілі.

Түркі мифологиясында «Жылқы — ер қанат», «Жылқы күшін Тәңірден алады», Жылқы — өлім мен сезімнің символы деген тіркестер өте көп.

Жылқыны иесімен жанама қорымға қатар жерлеу рәсімі де болғанын, «Ботай, Берел» қорымдарындағы археологиялық қазбалар айқын анықтап, ғалымдар ғылыми тұжырымдасын шығарған.

Түркі халықтарының наным-сенімінде, жылқы — күннен түскен, желден жаратылған, теңізден шыққан деген сияқты түсініктер бар. Құтқарушы күш деп сенген. Батырдың сауытын, найза, қылыш, дулыға, тіпті жылқысына дейін бірге жерлеуі де сондықтан.

Кейінгі замандардағы қабір басына қойылған жылқының бас сүйегі, түркілер дәстүрінің түрленген жалғасы.

Қазақтар да жылқы жануарын ерекше қадір тұтып, қастерлейді. «Қабанбайдың Қубас атының да бас сүйегі бертінге дейін сақталған, Жағалбайлы биігіне қойылған» — дейтін көнекөз қариялар.

Жауынгер, бәйге жылқылардың бас сүйегіне дейін ардақтайтын елміз.

Осы заманда да Дәулеткерей Кәпұлы әкесінің (жүйрік немесе жорға) көп жыл тақымында болған жылқысының бас сүйегін сақтап, төріне іліп қойғанын өз көзіммен көріп едім.

Ауылда тұратын, ақын, атбегі Қайыртай ағамыз да әр жылдары ұстап, жазым болған бәйге жылқыларының бас сүйегін шарбақ басына іле жүреді. Жылқыға деген құрметіміз осылай еді, Біздің!

Кең-байтақ жердің иесі атануымызға үлесі мол, жылқы жануарының бас сүйегі тұрмақ, тұяғына дейін қарызбыз”!

Мерей Қарт
#Семейқаласы

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version