Home ТАНЫМ Ұлы көшке 35 жыл

Ұлы көшке 35 жыл

0
Қадірлі ағайын, сазды кештің куәсі болыңыздар!
“Әлем қазақтары” журналының әр нөмірі кітап секілді белгілі бір тұлғаларға қатысты шығуда. №18 жаңа саны Қазақстанның еңбек сіңрген қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқаққа арналған. Бас редактор Үзбен Құрманбайұлы мен басты кейіпкер арасындағы сұхбат «Ұлы көш – Отанға бастар жол» деген тақырыппен жарық көрді. Онда көші-қонның қыры мен сыры, заң қабылдаудағы қиындықтар мен кедергілер туралы ашық айтылады.
Ұлы көштің басталуына 35 жылдығына толуына орай «ӨМІРІМНІҢ МӘНІ ЖОҚ, СЕНСІЗ МЕНІҢ ҚАЗАҒЫМ» атты сазды сырласу кешіне, журналдың тұсаукесеріне шақырамыз.
Кеш 15 қазанда сағ.15:00-де Ұлттық академиялық кітапхананың М.Мақатаев залында өтеді.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version