Home ТАНЫМ «ЖАҚСЫҒА ЖАНАС…»

«ЖАҚСЫҒА ЖАНАС…»

0
Біз көп жағдайда қиындықты – азап деп, қуанышты сәтті – мереке деп қана көреміз. Қарлы ызғардан кейін көктем, дауылдан кейін мамыражай күн шығатынын естен шығарамыз. Жамандықтың астарынан жақсылық болатынын байқамаймыз.
Мына бір оқиға осының дәлелі іспетті.
Тағдыр жазуымен екі жігіт айдалада ел-жұртынан адасып кетіпті. Екеуінің мінезі екі түрлі екен. Біреуі кездескен әр қиындықтан қорқып, шығатын жол жоқтай, жанын қоярға дер таппай әбден азапты көреді.
Екіншісі, керісінше, қандай жағдай кездессе де сабырмен қарсы алып, үміті мен сенімін жоғалтпай, өзін сергек сезінеді екен.
Біріншісі:
– Тынысым тарылып, дем жетпей барады. Мына далада сорлап қалып, өлеміз-ау.
Екіншісі:
– Алла-тағала бізді сынап келеді. Шыдамды болайық. Бұл уақытша ғана. Үйге аман -есен жетеміз, – дейді.
Айтқандай-ақ бойын қорқыныш билеген біріншісі елге жете алмай, айдалада жүрегі қысылып, өмірден өтіпті.
Әрбір сәттен үміт, жақсылық күткен екіншісі үйіне аман-есен жетіп, әйелі мен балаларына қуаныш сыйлапты. Бақытты шақтарына жетіп, ұзақ өмір сүріпті.
«Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсыға жанас, жаманнан адас» деп атамыз қазақ бекер айтпаған. Әр таңнан алтын арай, әрбір сәттен тек жақсылық күтейік, ағайын!
Әкім Ысқақ

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version