• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысында жаңа медициналық нысандар салынады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысында жаңа медициналық нысандар салынады

By
Meirim Qogam
-
26.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді.

     

    Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

    Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

    Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының Аршалы ауданы Арнасай ауылында, Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында, Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында, Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

    Сондай-ақ Жақсы ауданының Киров ауылында, Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,  Бұланды ауданының Партизанка ауылында, Бұланды ауданы Алтынды ауылында, Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады. Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

    Post Views: 431
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАлматыда АҚШ консулдығы салынады
      Next articleАйдос Сарым: Хатшылық қызметкерлері әскери міндеттерден босатыла ма
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ БАСТАЛАДЫ

      Meirim Qogam - 14.03.2026

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version