• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Маңғыстаулықтар қазақтың ұлттық киімімен әлемдік рекорд орнатты
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстаулықтар қазақтың ұлттық киімімен әлемдік рекорд орнатты

By
Meirim Qogam
-
22.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, «Қазақ ұлттық киімін киген адамдар саны» бойынша Гиннесс рекордын орнатты.

     

    Best Fest Nauryz атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға өз үлестерін қосты. Олардың қатарында түрлі сала мамандары, этнос өкілдері, қариялар, сондай-ақ өңірдің шалғай ауылдары мен еліміздің өзге облыс, қалаларынан арнайы келген тұрғындар да бар.

    Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауында өтті. Тіркеуден өткен қатысушылар арнайы жасақталған алаңға жиналып, Ұлыбританиядан келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізді. Бірнеше сағатқа созылған санау нәтижесінде, қойылған талаптардың толық орындалғаны расталып, Қазақстанның жаңа әлемдік рекорд иесі атанғанын дәлелдейтін арнайы сертификат табысталды.

    Осылайша, қазақтың ұлттық киімі Гиннесс рекордтар кітабына енді.

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұл тарихи оқиғаның ұлтымыздың мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытудағы маңызын атап өтіп, жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

    «Ұлыстың ұлы күнінде тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ халқының терең тарихы мен бай мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрімізді жер жаһанға паш еттік. Маңғаз Маңғыстауымызда қазақтың ұлттық киімінен әлемдік рекорд орнады. Осынау зор жетістікпен барша отандасымызды құттықтаймын! Қазақ халқының мәдениетін насихаттауға атсалысқан бастамашы топқа, Лондон қаласынан арнайы келген Гиннесс рекордтар кітабының өкілдеріне және рекорд орнатуға үлес қосқан барша қатысушыға алғысымды білдіремін!», — деді Нұрдәулет Қилыбай.

    Облыс әкіміне арнайы сертификатты табыстаған Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілі Ричард Стэннинг тамаша нәтижеге қол жеткізген қазақ халқын құттықтады.

    «Құрметті қазақстандықтар, халқыңыздың басты мерекесі — Наурыз мейрамында рекорд жасадыңыздар. Бүгін қазақ елінің салт-дәстүрге берік екеніне, рухты, талғамы жоғары халық екеніне куә болдым. Шара да өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тарихи оқиға жасауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!», — деді Ричард Стэннинг.

     

    Post Views: 345
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанада «Наурыз-2025» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті
      Next articleБалабақшаларда бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні өткізілді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version