• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Әскери оркестр елорда әуежайында шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Әскери оркестр елорда әуежайында шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтады

By
Meirim Qogam
-
20.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне орай ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда әуежайында өнер көрсетті.

    Дирижер капитан Нұрлан Қошқаровтың жетекшілігімен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың музыкалық ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.

    Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы әндер көрерменді ерекше таң қалдырды.

    – Маған әскери оркестрдің қойылымы өте ұнады. Мен өз Отанымда мұндай концертті ешқашан көрген емеспін. Әдемі пішін және әйгілі хиттердің керемет орындалуы керемет, – деді АҚШ-тың Калифорния штатынан келген оқытушы Робин Пирс.

    Жолаушылар мен шығарып салушылар музыканттармен қосылып ән айтып, оларды суретке түсіріп алып жатты. Ұлттық киімдегі ақ жаулықтылар шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.

    – Мен Омбыға ұшып барамын. Әскери музыканттардың өнеріне тәнті болдым. Абайдың шығармалары әлемге танымал. Маған «Көзімнің қарасы» әні қатты әсер етті, — деді Светлана Сафонова.

    Әскери музыканттардың қойылымын құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының дефилесі толықтырды. Сымдай түзелген жігіттер де саптық қимылдарымен көрермендерді бірден баурап алды.

    Post Views: 269
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанада жылдам шахматтан ASTRA TEAM CUP турнирі өтеді
      Next article«Бірге тұрып жатырмыз»: Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекованың тойы қашан болатыны белгілі болды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version