• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр
  • БІЛІМ

«Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

By
Meirim Qogam
-
19.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    2024 жылдың желтоқсан айында Одақ мүшелері «100 әке – 1000 бала» деген бастаманы қолға алып, мектеп ауласын қардан тазалап, басқа қар көп жауатын өңірдің әкелерін де шараға қатысуға шақырды. Сондай-ақ әкелер білім ордаларында сынып сағаттарын өткізіп жүр. Бұл туралы «Әкелер одағы» РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

     

    Оның айтуынша, бұл керемет мүмкіндік, осындай шаралар арқылы әкелер өз балаларын басқа қырынан тани бастады.

    «Жақында елордадағы «Алматы» ауданының әкелері жиналып балаларымен бірге волейбол турнирін өткізді, оны «Сарыарқа» ауданының әкелеріне челлендж ретінде жолдадық. Осылайша әкелер өз үлгісімен баланы спортқа тартып, бос уақытты тиімді ұйымдастыруды көрсетті. Тағы бір мысал: өткен жылы бір ана Астана қаласы әкімдігі жанындағы жасөспірім балалар құқығын қорғау комиссиясына жүгініп, көмек сұрады. Біз оның жағдайын зерделеп, мемлекеттік бағдарлама арқылы оны оқуға жібердік. Ол грант жеңіп алып, кәсіби білім алды. Қазір ол өзінің перде салонын ашуға дайындалып жатыр. Бұл – мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуі нақты адамдардың өмірін қалай өзгерте алатындығының айқын дәлелі», — деді Бекдайыр Күзембай.

    Айта кетейік, «Әкелер одағы» балалардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдерді әлеуметтендіру, әкелердің отбасы тәрбиесіндегі рөлін күшейту бағытында мектеп, колледж, мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырмақ.

    Post Views: 287
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
      Next article«Сатпайықшы бірімізді-біріміз»: Ринат Зайытов ащы шындықты айтты
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      Кәсіпкер ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллионды сыйға тартады

      Meirim Qogam - 13.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version