• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР «Арзан бағада абонемент алып беремін»: Астанада тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

«Арзан бағада абонемент алып беремін»: Астанада тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

By
Meirim Qogam
-
17.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астанада 10-нан астам эпизодқа қатысы бар алаяқ ұсталды.

    Бүгінге дейін «Нұра» аудандық ПБ-ға 10-нан астам астаналық хабарласқанымен, зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. 30 жастағы ер адам байланыстарының бар екенін айтып, елордадағы спорт залдарының біріне бір жылға арзан бағада абонемент алып беремін деп алдаған. Жәбірленушілер 150 мың теңгеге дейін қаражат берген.

    «Уәдеге сенімсіздік танытқан қала тұрғыны полицияға хабарласып, бейтаныс ер адамға алданғанын түсініп, көмек сұраған.

    Жедел іздестіру барысында күдікті азамат құрықталып, кінәсін мойындады. Дәл осындай іске қатысты оннан астам эпизоды бар екені белгілі болды», — делінген хабарламада.

    Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да бар екені анықталды.

    Полицейлер азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.

    Post Views: 311
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleСАЗ, Мәртебек Бақытұлы
      Next articleЕлордалық параспортшы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version