• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астаналық балабақшалар көрісу күнін ерекше атап өтті
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТАНЫМ

Астаналық балабақшалар көрісу күнін ерекше атап өтті

By
Meirim Qogam
-
14.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Елордадағы № 7 «Аққу» балабақшасы көрісу күнін ерекше атап өтіп, ата-аналармен бірге ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, қазақтың бай мәдениетін танытуға үлес қосты.

    Көрісу күні — қазақ халқының ең маңызды мейрамдарының бірі. Бұл күннің негізгі мақсаты адамдарды бір-бірімен кездесуге, жылы сөздер айтып, ізгі тілектер білдіруге шақыру. Қазақ халқы бұл күні бір-бірімен көрісіп қуаныштарын бөліседі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұмытылып кеткен бұл мейрамды жаңғырту және оның маңызын түсіндіру мақсатында «Аққу» балабақшасы ерекше шара ұйымдастырды.

    Ата-аналар мен балалар дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін еске түсірді. Олар ұлттық киімдерін киіп, көрісу күнінің тарихын көрсетіп, көрініс қойды. Дәстүр бойынша, ақ сақалды қария бата беріп, ақтан ауыз тиді. Сондай-ақ көрісу күнінің мәні мен маңызы терең түсіндірілді.

    «Біз жыл сайын осы мерекені асыға күтеміз. Ата-аналармен көрісу күнін балабақшада атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Бүгінде еңбектеген баламыздан еңкейген қариямызға дейін береке мен бірлігімізді көрсетіп, амал мерекесін қуанышпен атап өттік», — деді балабақшаның ата-аналар комитетінің төрағасы Айдана Қайратқызы.

    Бұл іс-шара балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін танытуға мүмкіндік берді. Ата-аналар арасындағы бірлікті нығайтып, бір-біріне деген құрметтерін арттырды.

    Post Views: 304
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleТарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөлінеді – Мемлекет басшысы
      Next articleБОЛАДЫ АХАУ, Қанат Қабдолла ұлынікі.
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version