Home БІЛІМ Кәсіпкер ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллионды сыйға тартады

Кәсіпкер ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллионды сыйға тартады

0

Бұндай керемет сыйлықты кәсіпкер Мереке Байжан ұсынған.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 2014 жылғы түлегі Мереке Байжан былтыр қараша айында мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың 2 оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған және білім ошағының 20 жылдық мерейтойын 1 миллион теңге сомасымен қолдаған.

Енді меценат биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне 5 миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version