• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды
  • БІЛІМ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды

By
Meirim Qogam
-
08.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жас ғалымға пәтер сертификаттарын табыстады.

    Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде барша нәзік жанды қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарды қолдау шараларының күшейтілгенін атап өтті.

     «Бүгінде елімізде ғылыммен айналысып жүрген ғалым-әйелдер саны 11 982 адамды құрап, 55,6 пайызды құрайды. Бұл Қазақстанды ғылымдағы әйелдер үлесі бойынша әлемдік деңгейде көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосады. Осы орайда, Қазақстан әйелдер саны ерлер санынан асатын және ғылымдағы арулар саны бойынша әлемдік рейтингте көшбасшы елдердің үштігіне кіретін санаулы елдердің бірі екенін айта кету қажет», — деді ведомство басшысы.

    Министр Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалым әйелдерге берілген баспана ғылымның дамуына және оның қоғамдағы рөлін арттыруға зор ықпал ететінін атап өтті.

    «Ғылымға қосқан әйелдердің үлесі зор, олардың қабілеті мен мүмкіндігі шексіз. Бұл тұрғыда әйелдерге қолдау көрсету, оларға әрі қарай дамуға мүмкіндік беру – біздің ортақ міндетіміз», — деді Саясат Нұрбек.

    Сонымен қатар мерекелік іс-шара аясында ғылым саласына еңбегі сіңген қызметкерлерге отандық білім мен ғылымға қосқан үлесі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

    Post Views: 467
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleОлжас Бектенов қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады
      Next articleПрезидент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version