• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Олжас Бектенов қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТАНЫМ

Олжас Бектенов қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

By
Meirim Qogam
-
08.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

     

    «Аяулы аналар! Құрметті арулар!

    Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Халқымызда «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» деген даналық сөз бар. Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің бастау бұлағы, шексіз мейірімнің қайнары. Әр шаңырақтың ұйытқысы, жер бетіндегі жақсылық пен әдеміліктің асыл тәжі – әйелдер қауымы ұлағатты ұрпақ өсіріп қана қоймай, елге деген шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетіп келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, бизнес пен спорт, қоғамдық өмірдің және басқа да сан түрлі саласында жүрген аяулы жандардың еңбегі шексіз құрметке лайық.

    Бұл орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отбасы институтын нығайту, әйелдерді қолдау мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы болып қала бермек.

    Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. Көктемнің шуақты күніндей сәулелі сәттеріңіз көп болсын!» — делінген Премьер-министр құттықтауында.

    Post Views: 305
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАлматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады
      Next articleЖас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version