• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Біз LRT бойындағы маршрутты кезең-кезеңімен абаттандырамыз — Жеңіс Қасымбек
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Біз LRT бойындағы маршрутты кезең-кезеңімен абаттандырамыз — Жеңіс Қасымбек

By
Meirim Qogam
-
06.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында LRT құрылысының барысы туралы жазды.

     

    «№112 станцияға (Абу Даби Плаза) барып, LRT құрылысының барысымен таныстым. Мәселен, Абу Даби Плазадағы №112 станцияда жалпы ауданы шамамен 5 мың шаршы метр болатын қасбеттің сыртқы металл қаңқасын монтаждау, ары қарай витраждар мен панельдерді орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Биыл 3-тоқсанда сынақ жұмысын бастау үшін осыған ұқсас жұмыс барлық 18 станцияда аяқталатын болады»,- деп жазды Жеңіс Қасымбек.

    Осыған дейін эстакаданың құрылысы аяқталып, станциялардың негізгі темірбетон конструкциялары салынған. Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы, 101-станцияның қасбеттік бөлігінің құрылысы аяқталды. Сол сияқты LRT құрамының 19 бірлігіне тапсырыс берілді. LRT желісі станцияларының негізгі темірбетон конструкцияларының құрылысы 100% аяқталды. №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада учаскесінде рельс жолының алғашқы 500 метрі төселді.

    Елорда әкімі LRT бойындағы маршрутты кезең-кезеңімен абаттандыру жоспарланғанын жазды.

    «2025 жылдың соңына дейін жолдың жоғарғы бөлігінің құрылысын толықтай аяқтау, оның ішінде рельстерді төсеу, дабыл және байланыс жүйелерін баптау, станцияларды ішкі және сыртқы әрлеу, құрамдарды жеткізумен депо салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2025 жылы Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесіндегі LRT-ның астыңғы эстакадалық бөлігін абаттандыру жоспарланып отыр. Біз LRT бойындағы маршрутты кезең-кезеңімен абаттандырамыз»,- деп жазды ол.

    Мысалы, биыл Қабанбай батыр даңғылын әуежайдан Мәңгілік ел даңғылына дейін ауқымды көгалдандыру жоспарланған. Сығанақ көшесінің бойындағы учаскеде (Қабанбай батыр даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін) ағаштар, веложолдар, бірыңғай стильдегі көше жиһаздары орнатылады.

    Жеңіс Қасымбек жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылатынын да атап өтті.

    «LRT-ның негізгі аялдамаларының жанында – Mega Silk Way СОО, ботаникалық бақ және «Поколение» ТК маңында қала тұрғындарының демалысы мен уақытын пайдалы өткізуі үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылады. Олар заманауи абаттандырылған, қаланың тартымды әрі ыңғайлы орындарының біріне айналады»,- деп жазды қала әкімі.

    Post Views: 308
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауы бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді
      Next articleЕлордалық спортшылар әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version