• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Ұлытау облысының әкімі Президентке есеп берді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысының әкімі Президентке есеп берді

By
Meirim Qogam
-
05.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады.

     

    Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 28 пайызға және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 30 пайызға өскені жөнінде баяндалды.

    Облыс әкімінің айтуынша, былтыр өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89 пайызы – жеке инвестиция. Жалпы сомасы 940 миллиард теңге болатын инвестициялық пул жасақталды. Биыл құны 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл орайда құрылыс, сауда, логистика, энергияның балама көздері және туризм салалары инвестиция тартуға айтарлықтай тартымды деп танылған.

    Мемлекет басшысына жылыту маусымының барысы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жайында мәлімет берілді.

    Президентке қатерлі өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында бұған дейін берген тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Тиісті шараларды әкімдік Үкіметпен бірлесіп жүргізуде. Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

    Облыс әкіміне көлік-логистика әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берілді.

    Post Views: 285
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Үкімет жауапсыз құрылыс салушылардың тізімін жасауы керек» – Бақытжан Базарбек
      Next articleЕлордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version