• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР «37 млрд теңге айыппұл келді»: қазақстандық желіде жан айқайын жеткізді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

«37 млрд теңге айыппұл келді»: қазақстандық желіде жан айқайын жеткізді

By
Meirim Qogam
-
04.03.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Атыраулық белсенді Нұрлан Жунасов өзінің желідегі парақшасында кәсіпкер Мұрат Ниязовқа 37 миллиард теңге айыппұл салынғаны туралы айтты. Оның айтуынша, бұл Қазақстанда ғана емес, әлемде бұрын соңды кездеспеген көлемді айыппұл.

     

    Белгілі болғандай, атыраулық кәсіпкер мұнай қалдықтарын кәдеге жарататын шағын бизнеспен айналысады. Оның сервистік компаниясы 2019 жылы құрылған. Шағын кәсіптің негізгі қызметі – құрамында мұнай бар қалдықтарды басқару және кәдеге жарату. Компанияның 2 жылдағы табысы салық пен шығынды есептегенде 40 миллион теңгеге әрең жеткен. Дегенмен кәсіпкерге табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 37 миллиард теңге айыппұл салынған.

    Желі қолданушылары айыппұл көлеміне байланысты түрлі пікір білдірді.

    «37 миллиард теңге. Бұл әлемде болмаған рекорд қой. Гиннестің рекордтар кітабына өтініш беруге болады», «Сбор ашып, жауып берейік десеңде қиын екен», «Ол 200 жыл өмір сүрсе де бұл айыппұлды өтеп біте алмайды», «Шаш ал десе, бас алатыңдар көбейіп жатыр» – деп жазды олар.

     

    Post Views: 366
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleБокстан Қазақстан ерлер құрамасы «Странджа» кубогында 18 медаль жеңіп алды
      Next articleНұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ БАСТАЛАДЫ

      Meirim Qogam - 14.03.2026

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version