• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ТАНЫМ

Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды

By
Meirim Qogam
-
27.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

     

    «Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

    Азамат Жолманов мемлекеттік басқару саласында 10 жылдам астам еңбек еткен.

    Ол «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

    Еңбек жолын Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Кейін Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаменті директоры лауазымдарын атқарған.

    2022 жылғы 7 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған болатын.

    Сондай-ақ Президент өкімімен Әлібек Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Post Views: 314
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанадағы LRT-ға арналған құрамдарды құрастыру басталды
      Next articleЕлордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version