• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home САЯСАТ Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
  • САЯСАТ

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

By
Meirim Qogam
-
25.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігі былтыр атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды.

     

    Дархан Жазықбай кадрлық үдерістерді автоматтандыру және цифрландыру, мамандығы мен функционалдық бағыты бойынша біліктілік талаптарына сәйкес әлеуетті кандидаттардың деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін eQyzmet интеграцияланған ақпараттық жүйесін жаппай қолданысқа енгізу нәтижелері туралы мәлімет берді.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысына электронды жеке істер негізінде басшылық лауазымдарға үміткерлердің рейтингін жасақтауға жол ашатын «Персоналды іріктеу» цифрлық функционалының енгізілу барысы жөнінде айтылды. Үміткерлер жеке және кәсіби дамуын ескеретін цифрлық рейтингті қолдану арқылы іріктеледі.

    Президентке мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың кадрлық қызметін автоматтандыру туралы бұған дейін берген тапсырмасының орындалу нәтижелері таныстырылды. Агенттік төрағасы «Бірыңғай кадр қызметі» ақпараттық жүйесіне 8 мемлекеттік органның 19 ведомстволық бағыныстағы ұйымы қосылғанын айтты. Биыл ақпараттық жүйеге шамамен 500 мыңдай адам жұмыс істейтін 47 мемлекеттік органның 2400-ге жуық ведомстволық бағынысты ұйымын қосу жоспарланып отыр.

    Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметке білікті мамандар мен дарынды жастарды тарту, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шаралары туралы есепті тыңдады.

    Кездесуде қызмет алушылар құқықтарының сақталуына жүргізілген цифрлық мониторинг нәтижелеріне, адами ресурсты басқару саласындағы озық тәжірибе алмасу және мемлекеттік қызметшілерді шетелде тағылымдамадан өткізу мәселелеріне айрықша мән берілді.

    Президент «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге және Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру үшін заманауи HR-құралдарын енгізу маңызды екеніне назар аударды

    Post Views: 295
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Қазақ қырқынан шықпаған баланы «әлі жердің баласы емес» деп барынша сақтаған» – этнограф
      Next articleАстанада үстел теннисінен республикалық турнир өтеді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Моңғолия мен Қазақстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатпақ

      Meirim Qogam - 01.11.2025

      Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн деп санайды — Президент

      Meirim Qogam - 27.09.2025

      «Қазақстанда кездесуге дайынбыз»: Зеленский мен Путин келіссөзі туралы тың дерек шықты

      Meirim Qogam - 25.09.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version