• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары жасанды интеллект көмегімен дайындалады
  • БІЛІМ

Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары жасанды интеллект көмегімен дайындалады

By
Meirim Qogam
-
24.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов Ұлттық бірыңғай тесттің сұрақтарын жасанды интеллектің көмегімен дайындау жоспарланып отырғанын айтты.

    Жоба аясында тест тапсырмаларын дайындайтын адамдар үшін жабық жұмыс кабинеттерін құру қарастырылған. Осылайша жасанды интеллект көмегімен тапсырмаларды жасауға, жүктеуге және клондауға болады.

    Нұрсұлтан Махатовтың айтуынша, жасанды интеллектті енгізу:

    — Бірегей тест тапсырмаларының санын көбейтуге;

    — Сұрақтарды әзірлеу кезінде субъективтілікті азайтуға;

    — Техникалық шарттарды әзірлеу кезінде шығындарды азайтуға көмектеседі.

    Айта кетейік, жоба 2025 жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады. Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тест өткізу ережелері туралы ақпарат беретін және грантқа түсу мәселелері бойынша кеңес беретін AI Talapker чат-ботын құру жоспарланып отыр.

    Post Views: 428
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҒылыми байқауға дайындаған педагогтерге де біржолғы ақшалай сыйақы беріледі – мәжіліс депутаты
      Next articleЖұмысшы мамандықтар жылы: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЗАҢ: Мұғалімдерге артық есеп жүктеуге тыйым салынады

      Meirim Qogam - 31.05.2026

      ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК ТӘМАМДАҒАНДАРҒА ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛМЕК

      Meirim Qogam - 22.05.2026

      ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ: Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа...

      Meirim Qogam - 18.05.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version