Home ЖАҢАЛЫҚТАР Шымкент тұрғындары үшін енді Каирге тікелей бағыт ашылды

Шымкент тұрғындары үшін енді Каирге тікелей бағыт ашылды

0

Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. 

«Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 типті әуе кемелерінде орындалады», — делінген хабарламада.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version