• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home СПОРТ Жеңіл атлетикадан Indoor Run Astana-2025 жарысы өтті
  • СПОРТ

Жеңіл атлетикадан Indoor Run Astana-2025 жарысы өтті

By
Meirim Qogam
-
23.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Елорда төрінде жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасындағы дәстүрге айналған Indoor Run Astana-2025 сайысы ұйымдастырылды.

     

    Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізілген спорттық шараға Астана желаяқтарынан бөлек, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Семей, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, Екібастұз және көршілес Ресей Федерациясынан да 100-ден астам әуесқой спортшылар арнайы келді.

    «Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан турнирімізде 12 жүгіру клубы және зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандарға арналған IDsport федерациясының өкілдері жүлдеге таласып жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, жүлде қоры көбейіп, 1 млн теңгені құрады. Екіншіден, биыл 600 метр қашықтықтағы сайысты енгіздік. Үшіншіден, тек әуесқой спортшылар ғана емес, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да күштерін сынап жатыр. Олардың арасында велоспорттан спорт шебері Дастан Ордабай 600 метрлік жарыста өнер көрсетті. Алдағы уақытта турнирдің деңгейі одан әрі ұлғая береді деген сенімдемін», — деді жарыс ұйымдастырушысы Сұлтан Базарбай.

    Айта кетейік, дәл осы спорт кешенінде бір ай бұрын World Athletics Indoor Tour Gold Label турнирінде Олимпиада, әлем чемпиондары, әлемдік рекордсмендер бақ сынаған еді.

    Ендігі кезекте әуесқой желаяқтар 600 метр, 1 000 метр, 1 миль, 2 000 метр, 3 000 метр, 4×200 метрдегі эстафета, критериум сайысында жүлдеге таласты.

    «Бүгін Астана қаласына алғаш рет жабық кешендегі манеждегі жүгіру жарысына келдім. 1 000 метр қашықтықта бірыңғай мықтылар жиналған. Қарсыластарымды алға жіберіп, соңғы айналымда жылдамдықты арттыру тактикасы өз жемісін берді. Өте қуаныштымын. 2017 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысып келсем де, жарыс атмосферасын енді сезініп жатырмын», — деп Алматыдан келген Ксения Ли өз эмоциясын білдірді.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыс мезгілінде спорт кешенінде екі ғана жеңіл атлетика бәсекесі өтетіндіктен, спортты серік еткен жандар үшін бұл турнир өте маңызды саналады.

    Post Views: 318
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Бұрқасын – 2025» қысқы фестивалі өтті
      Next articleФутбол матчынан кейін астаналықтар стадиондағы қоқысты жинады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      4 дүркін Азия чемпионы Жәмилә Бақбергенова елге оралды

      Meirim Qogam - 30.03.2025

      Бейбіт Жұқаев «Челленджер» турнирінің ширек финалында бақ сынайды

      Meirim Qogam - 27.03.2025

      Азия құрлығынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өткен алғашқы әйел спортшы Надежда...

      Meirim Qogam - 26.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version