• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Елордада ауыл әкімдері біліктілігін арттырып жатыр
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • САЯСАТ

Елордада ауыл әкімдері біліктілігін арттырып жатыр

By
Meirim Qogam
-
18.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды.

     

    Іс-шараға Президент Әкімшілігінің лауазымды адамдары, «AMANAT» партиясының және еліміздің өзге де саяси партияларының өкілдері, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары, сондай-ақ өңірлерден аудан және ауыл әкімдері онлайн қатысты.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың талабына сәйкес әкімдерді тікелей сайлау жүйесі іске қосылып, барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы сайланғанын айта келе, олардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте істемегенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды Үкімет пен Агенттікке тапсырды.

    Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бағдарлама әкімдерді ауыл экономикасының дамуына әсер ететін негізгі факторларды айқындауды және әкімдер өз ауылдарының экономикалық бағыттарын анықтауды, сондай-ақ өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйрететінін айтты.

    Бұл ретте, Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында әкімдерді оқытудың тиімділігіне ерекше мән беру қажеттігіне тоқталды.

     «Cаяси партиялар ауыл әкімдерін сайлау кезінде өздері ұсынатын кандидаттардың тұлғалық жауапкершілігі мен кәсіби даярлығына назар аударғаны жөн. «Адал Азамат» идеалдарына сай, шынайы мақсатта ел игілігіне әділ қызмет етуді көздейтін адамдардың жұмысынан қашанда  оң нәтиже күтуге болады», — деді төраға.

    «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ауылдық округтердің экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу мәселесіне тоқталды.

    «Бағдарлама келешекте тәжірибе алмасу мен үздік әдіс-тәсілдерді енгізу алаңына айналады», — деді Дәулет Кәрібек.

    Өз кезегінде әкімдердің кәсіби біліктілігін арттыру 17 модуль арқылы жүргізіледі.

    Атап айтқанда:

    — жергілікті бюджетті тиімді пайдалану;

    — мемлекеттік сатып алулар мен салықтар;

    — коммуналдық меншікті басқару, экология мен қоршаған ортаны қорғау;

    — кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау, аймаққа инвестиция тарту;

    — мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану;

    — қабылданған шешімдердің сәттілігіне әсер етуі мүмкін тәуекелдерді басқару, тиімді коммуникациялар және өзге дағдыларды дамытуды көздейді.

    Бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Бұдан өзге, жұмыс барысында ең көп жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, практикалық кейстер және оларды тиімді шешу жолдары қаралатын болады.

    Оқытудың қорытындысына сәйкес әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобаларын қорғайды.

    Жиын барысында, әлемде цифрландыру мен  технологияның қарқынды дамуына сәйкес елімізде өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру үшін білікті менеджерлерді қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, әкімдердің біліктілігін арттыру барысында теориялық әрі практикалық тәсілдерді қолдану қажеттігі айтылды.

    Бағдарлама Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

    Post Views: 272
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҮстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
      Next articleШахтадағы апат: жетінші жұмысшының денесі табылды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version