Home СПОРТ Үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

0

17-25 мамыр аралығында Қатарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.

 

Әлем біріншілігінде медальдар жекелей сында, ерлер мен әйелдер жұптық жарысында, сондай-ақ аралас жұптар сайысында сарапқа салынады.

Жекелей жарыста 128 теннисші (оның ішінде 32 рейтингте жоғары ойыншы) бақ сынайды, ал жұптық сайыстарға 64 жұп (16 рейтингте жоғары жұп) қатысады.

Қатарда Қазақстан намысын Кирилл Герасименко (жекелей сын), Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева (жұптық сын) қорғайды.

Айта кету керек, іріктеуден өткен кейбір спортшылар әлем чемпионатына қатысудан бас тартса, Қазақстанның қосымша ойыншылары да бұл жарысқа қатысуы мүмкін.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version